Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы 2024 жылғы 29 қазанда Тараз қаласында «ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» атты облыстық ІІ форум өткізді. Форум мақсаты - ауыл мектептері жас мұғалімдерінің педагогикалық қызметі табыстылығының бағдарларын құру, үнемі оқуға жəне дамуға деген ұмтылысты ынталандыру. Форум міндеттері: • Əр қатысушының дауысы естіліп, мамандықтағы қадамдары бағалануы үшін мүмкіндіктер мен формалардың əртүрлілігін пайдалану; • Жас мұғалімдерге өзін-өзі жүзеге асыруға, ең жақсы тəжірибелермен танысуға жəне мамандықтағы жаңа идеяларды анықтауға мүмкіндік беру; • Жас мұғалімдердің мамандықты дұрыс таңдау жасағандығына деген сенімін нығайту; • Жас мұғалімдердің тез өзгеретін білім қоғамымен күресу үшін цифрлық білім беру ортасын пайдалану қажеттіліктерін көтермелеу болды.
Форум жұмысына мектеп-гимназияның жас мамандары: ағылшын тілі мұғалімдері Бейсенқұл Жамбыл, Мұхаметқалиева Әйгерім, Шынболат Гүлжан және математика пәні мұғалімі Қайыргелдин Диас қатысып, өзге әріптестерінің іс-тәжірибелерімен танысты.