Мектеп-гимназия директорының 2024-2025 оқу жылының аяқталуы бойынша жылдық есебі
Ата-аналар жиналысы және Қамқоршылық кеңесінің біріккен отырысының хаттамасы
Күні: 2025 жылғы 23 мамыр Уақыты:16.00 Өткізу орны: Мектептің мәжіліс залы
Қатысқандар: Мектеп-гимназия директоры, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, ата-аналар.
Күн тәртібі: 1. Мектеп-гимназия директорының 2024–2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындысы бойынша жылдық есеп беруі 2. Қамқоршылық кеңесі тарапынан ұсыныстар 3. Ата-аналар пікірлері мен ұсыныстары
Тыңдалды: 1. Мектеп-гимназия директорының есебі Мектеп-гимназия директоры 2024–2025 оқу жылында мектеп ұжымының атқарған жұмыстарына шолу жасады. - Оқу үлгерімі мен білім сапасы көрсеткіштері; - Оқушылардың жетістіктері (олимпиадалар, байқаулар, спорт); - Тәрбие жұмыстарының бағыттары («Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асуы); - Педагог кадрлардың сапалық құрамы, жас мамандармен жұмыс; - Қауіпсіздік, цифрлық мәдениет, мектепішілік бақылау нәтижелері; - Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен жүзеге асқан істер;
2. Қамқоршылық кеңесі: Кеңес төрағасы Бахитов Болатбек Күзембайұлы сөз алып, мектеп-гимназия әкімшілігімен тығыз байланыс орнап отырғанын, ата-аналармен серіктестік нәтижелі болғанын айтып өтті. Бірнеше ұсыныстар білдірілді: - Аула спорт құралдарын жаңарту; - Танымдық экскурсиялар санын арттыру.
3. Ата-аналар пікірлері: Ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен оң пікірлер айтылды. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдау мәселесі көтеріліп, мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан жүйелі жұмыс жасалып жатқаны айтылды.
Шешімдер: 1. Мектеп-гимназия директорының жылдық есебі қанағаттанарлық деп танылсын. 2. Қамқоршылық кеңесінің ұсыныстары алдағы оқу жылында жұмыс жоспарына енгізілсін. 3. Ата-аналармен ынтымақтастық жалғастырылсын.