2024 жылдың 11-ші қарашасында 2 ауысым 4-ші сабақта 7 «Б» сыныбына химия пәнінен «Атомның құрамы мен құрылысы» тақырыбында Жанұзақ А.О. ашық сабақ өткізді.
2024 жылдың 11-ші қарашасында 2 ауысым 4-ші сабақта 7 «Б» сыныбына химия пәнінен «Атомның құрамы мен құрылысы» тақырыбында Жанұзақ А.О. ашық сабақ өткізді. Сабақтың басында оқушыларды түгендеп, сергітіп 4 топқа бөліп алды. Үй жұмысын жалған әлде шындық әдісі арқылы «Worlwall» қосымшасымен тексерді. Жаңа сабақтың мағынасын ашу үшін оқушыларға тақырып бойынша суреттер және бейнематериалдар көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жұптық және жеке тапсырмалар болды. Оқушылар әр тапсырма сайын өздерін бағалау критерийларына сәйкес бағалап отырды. Сабақты бекіту үшін «Принтер» әдісі және кері байланыс үшін «Почта» әдісі қолданылды. Сабақ жоспары стандартқа сәйкес. Сабақ соңында мектеп мұғалімдері мен тәлімгерімен сабақты талқылау жұмысы жүргізілді.