Меню KDT

logo.jpg?_=1714729074

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ермұхан Бекмаханов" мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  • kz
  • ru
  • Баяндама

    «ҚМЖ-ны тиімді құрастыру»

    Жас мамандарға оқыту семинары.

    «ҚМЖ-ны тиімді құрастыру»

     


    Жас мамандарға оқыту семинары.

    «ҚМЖ-ны тиімді құрастыру»

     

    Жас маманның сабақты жоспарлаудағы негізгі құжаты қысқа мерзімді жоспарын тиімді қалай құрастыруға болады деген сұрағын қанағаттандыру мақсатында мектеп-гимназия директорының ОӘІЖ орынбасары А.Толеуова мен биология пәнінің педагог-шебері Ж.Айтбаеваның ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті.

    Семинардың мақсаты: қысқа мерзімді жоспар жасау үлгісімен таныстыру, қысқа мерзімді жоспардың құрылымын талдай отырып, дербес сабақ жоспарын құруға бағыт беру.

    Бірінші кезекте А.Толеуова жас мамандарды педагогтер білулері тиіс қатаң есептегі құжатт түрлері мен бұйрықтармен таныстырып өтті. ҚМЖ шаблоны 06.04.2020ж. №130 бұйрықта шыққаны,19.09.2021 ж.№472 бұ27.08.2022ж. №382 бұйрықта, ал 17.03.2023жылы № 68 бұйрықпен өзгерістер енгіні айтып өтті.

    Қандай бұйрықпен ҚМЖ құрастырамыз деген сұраққа алғашқы шыққан №130 бұйрыққан енген өзгерістерден кейінгі соңғы №68 бұйрық арасында ешқандай айырмашылық болмағандықтан, №130 бұйрықпен ҚМЖ құрастыра береміз деген жауап алды.

     Жанат Байтұрсынқызы өзінің сөзінің алдында жас мамандарға жаңартылған білім берудің маңызды құжаттарымен таныстырып өтті:

    1.Бағдарлама

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылады.Оның мазмұнына:

    -Жалпы ережелер

    -Пәннің мазмұнын ұйымдастыру

    -Оқу мақсаттарының жүйесі

    -Қосымша ұзақ мерзімді жоспар

    2.Ұзақ мерзімді жоспар

    -білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды

    -ұзақ мерзімді жоспар-оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.

    3.Орта және қысқа мерзімді жоспар

    -белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы

    -Орта мерзімді жоспардың тиімділігі-мұғалім жеке сынып үшін тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті қмж жасауға қолданады.

    Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлаудағы негізгі моменттерге көңіл бөлдірді:

    Әр пәннің оқу бағдарламасында былай көрсетілген:

          «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады»

    Яғни, қысқа мерзімді жоспар құруда оқу мақсаттарынан ауытқымау керек. Сабақтың басты міндеті- оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды.

    Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері  мен тапсырмалар да оқу мақсаттарына сай құрастырылады!

    Сонымен қатар оқу мақсаттарын «сабақ мақсаттарына» айналдыру жолдарын да айта кетті:

    Сабақ мақсаты- оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі.

    -Сабақ мақсаты оқушының сабақ үстінде не жасағанын емес, сол әрекеттерді жасау кезінде не үйренетініне болжау жасайды.

    -Оқушылардың әркеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.

    -Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын алу толығымен жеткілікті. Көбінесе 1 оқу мақсаты алынады.

    (Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілгеніне байланысты болады)

    -Оқу сабақтары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады.

    Педагог сабақты жоспарлау кезінде өзіне мына сұрақты қоюы керек:

    -Оқушылар нені білуі керек?

    -Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

    -Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

    Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері:

    -сабақтың тақырыбын анықтау;

    -әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

    -оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

    -уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

    -жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру;

    -сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

    -оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

    -тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

         Сонымен қатар жас мамандарға педагогикалық әдіс-тәсілдердңғ түрлері де таныстырылды:

    -Оқушының қатесін табу үшін емес, қайта қатесін түзету үшін оқыту;

    -Оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

    -Оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;

    -Дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

    -Өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келу, өнім жасауға мүмкіндік беру;

    -Тапсырмалар арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.

    Сабаққа талдау жасау:

    Мұғалім әр сабақтан соң мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

    -Сабақ мақсаты орындалды ма?

    -Бүгін оқушылар нені үйренді?

    -Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

    -Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?

    -Уақытты қалай пайдаландым?

    -Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?

    Рефлексия-сабақ нәтижелерін қорытындылау:

    Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген оқу әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.

    Үйренуде рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде игергендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен қорытындылау емес (мәселен, «Сонымен бүгінгі сабақта біз не өттік/білдік/қарастырдық?» секілді сұрақтар арқылы).

    Рефлексияда оқушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын, әдіс-тәсілдерін) талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің атқарған әрекеттерін зерделеп, олардың берген нәтижелерін нақтылайды, оларды қалайша жақсарту болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушыға жасалынған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалау мүмкіндігін беріп, оны сонымен бірге болашақтағы үйрену амалдарын жоспарлап, өз білгендерін арттыруға ынталандырады.

     

     

     

    20.11.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки